«Инкубаторлар»….

Сіз Алматының ойын -сауық орындарында жүретін қыздардың немесе университтегі экономика, заң, халықаралық қатынастар факульттерінің жас студент қыздарының стильдеріне, яғни киім кию үлгілеріне көңіл аударып көрдіңіз бе?

   Байқасаңыз, қазіргі жас қыздардың бір стильде, ұқсас, қайталанып киінгенін көресіз. Соңғы кезде сондай бірдей киіну көздің «мазольіне» айналды. Ол стильді дәлірек айтсақ: жабысқан лосины немесе джинсы, аяқтарында 10-15 сантиметрлік туфли, үстілерінде ұзындау жейде және міндетті түрде «кожанная» куртка, онсыз стильіңіз болмай қалады. Құлақта домаланған үлкен сырға, қолда үлкен сумка болады. Көзге күн сәукелесі шағылыстырмаса да үлкен қара очки тағылады.

Ал, сырт келбетке келетін болсақ, онда шаштың ұзын болуы ұтымды көрінеді. Және бұйраласа тіпті керемет. Макияж бұл келбетіңізді әрлендіретін дүние. Күндіз аса көп емес, алайда, қас,кірпік, ерін дегенді айырып көрсету керек. Ал кешке «жаңа жыл шыршасындай» бар бояу қолданылады.

Мұндай стиль әрине тартымды және әдемі көрінуі мүмкін. Бірақ, мұның бәрі жаһанданудың бір белгісі. Батыстық үлгі болып табылады. Жаппай бір типте киіну – ол өз жеке индивидуалдығыңды жоғалту деген сөз. Екінші мәселе, әр қыздың дене пішіні әр түрлі. Жабысатын джинсылар мен лосиналар бәріне бірдей жараса бермейді. Соны да ескерген жөн. Белгілі дизайнер айтпақшы, «маңыздысы сәнді киіну емес,  киімнің жарасуында».